Halyq Uni логотип
×

Антикор «қызметкері» Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен

Ол жағалауда бизнес ашпақ болған

 Қымбат Елтайқызы 21.05.2022 | 18:00
Антикор «қызметкері» Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен, деп хабарлайды антикор.

«Биылғы 19 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін антикор қызметкері ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Кәрімовті әшкереледі», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Кәрімовтің заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні күдікті ұсталып, Ақтау қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама