Қостанай облысында 20 тонна шемішке өртеніп кетті (ВИДЕО)
Өрттің нақты себебі анықталып жатыр
Қостанай облысының Пешковка ауылында 20 тонна шемішке өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 2 желтоқсанда Пешковка ауылындағы «Трояна» компаниясында болған. Онда астық кептіргіштегі шамамен 20 тонна шемішке өртеніп кеткен. Өрттің ауданы – 200 шаршы метр.
Өрт 7:30 шамасында толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы, - деп жазылған хабарламада.