×

Желіде ұлтаралық араздық тудырған жігітке халықаралық іздеу жарияланды

Полицейлер оның Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны екенін анықтады

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2023 | 17:54
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының тұрғынына ұлтаралық араздық тудырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде ер адамның басқа ұлтқа тіл тигізген видеосы тарап кеткен еді. Полицейлер оның Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны екенін, қазір шетелде жүргенін анықтады.

Айтуларынша, ер адам жаңа видео жариялап, халықтан кешірім сұраған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама