Halyq Uni логотип
×

Астанада интимдік қызмет көрсеткен 43 қыз жауапқа тартылды

15 жеңіл жүрісті қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2023 | 15:45
Астанада интимдік қызмет көрсеткен 43 қыз жауапқа тартылды
фото: дереккөз

Астана қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретіндер мен интим қызмет көрсететіндерді анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

Осылайша, операция барысында Kizdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, массаж бөлмелері, интим қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.

Нәтижесінде 43 қыз полицияға жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың барысында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша 33 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ осы кодекстің 492-бабы бойынша 6, 440-бабы бойынша 6, 449-бабы бойынша 11 хаттама толтырылып, 1 шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қабылдау пунктіне орналастырылды.

Сондай-ақ 15 жеңіл жүрісті қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін жезөкшелер арқылы 1,5 жылда 500 млн теңгеден астам пайда тапқан әйелдің ұсталғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама