×

Сотталушыдан 2 млн теңге пара алған тараздық судья сотталды

Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері ұстаған болатын

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2023 | 13:52
фото: Halyq Uni

Тараз соты судья Фариза Өтешованы кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Әйел сот залында қамауға алынды.

Бұған дейін Тараз қаласы №2 сотының судьясы Фариза Өтешованы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің ұстағаны белгілі болған. Ол мас халде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен 2 миллион теңге пара алды деген күдікке іліккен еді. Бұл ақша сотталушыны жүргізуші куәлігінен айырмау туралы сот шешімі үшін сыйақы ретінде тағайындалған.

Сол себепті судья Фариза Өтешованың үстінен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама