Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
57 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмған
Атырау – Ақтөбе – Астрахань тас жолында жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, жол апатына ұшыраған. Соның салдарынан 3 адам қаза тапты деп хабарлады «Мой город» порталы.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 қарашада сағат 22:45-те Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 424-шақырымында болған. Жол апатына Lada 2114 жеңіл көлігі мен Iveco жүк көлігі ұшыраған. Соның салдарынан көліктің 57 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері тізгіндеген көлік апатқа ұшыраған болатын. Ал Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан.