Ақмола облысында өрттен екі бала құтқарылды
Өрттің алдын-ала себебі – балалардың отпен ойнауы
Ақмолалық өрт сөндірушілер өрт кезінде екі баланы құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногорск қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде болған өрттен 2 және 7 жасар бала құтқарылған.
3 техника мен жеке құрамның 8 адамы шақырту орнына 4 минутта барып, өртті 17 минут ішінде жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Өрттің алдын-ала себебі – балалардың отпен ойнауы.
ТЖД балалардың отпен ойнауына жол бермеуді және оларды қараусыз жалғыз қалдырмауды ескертті.