Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы «Ұлттық сезім» акциясын қолдады

Бұл акция бұқаралық сипат алып, Қазақстанның әрбір ұжымында жалғасуы мүмкін

 Гүлбаршын Нұрхан 01.12.2023 | 17:54
Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы «Ұлттық сезім» акциясын қолдады
фото: Halyq Uni

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап «Ұлттық сезім» флешмобы басталды. Акция аясында еліміздегі белді компаниялардың қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келді.

Бұл бастаманы Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының қызметкерлері қолдап, жұмысқа қазақтың ұлттық киімімен келді. Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашев ұжымдағы әріптестері аптасына бір рет қана емес, жұмысқа күн сайын ұлттық киіммен келуге дайын екенін айтты.

«Ұлттық сезім» флешмобын қолдаймыз. Осы флешмоб басталмас бұрын өзім де осындай идеяны насихаттағым келді. Бастама көтерген азаматтарға алғыс айтамын. Біздің ассосация қызметкерлері осы флешмобты толық қолдап, ұлттық киімдерді күн сайын киіп, әрдайым осындай киіммен жұмысқа келуге дайын, бұл қуантарлық жағдай», - деді Дәурен Қарашев.

Қауымдастық басшысы ұлттық киім адамға ерекше рух беретінін жасырмады.

Ұлттық киім патриоттық сезімнен бөлек, мені қанаттандырып, рух бергендей болды. Қазақы стиль сезіледі, адамға мотивация береді, - деді Дәурен Қарашев.

Еске салайық, бұл бастаманы Kusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, AQ Group компаниялар тобы, Ұлттық спорт қауымдастығы сияқты еліміздегі беделді ұжым қызметкерлері қолдап, жұмысқа ұлттық киіммен келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама