Бүгінде олар қамауда отыр
Елордада полиция адам бопсалаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында бопсалаумен айналысқан 23 және 35 жастағы екі азаматты ұстады. Оларға қатысты 3 дерек тіркелді. Күдіктілер жәбірленушілерден жалпы 4 млн 300 мың теңге бопсалаған.
Қазір күдіктілер соттың рұқсатымен қамауда отыр.
Полицейлер ұсталғандардың елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.
Күдіктілердің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, 8-7172-71-60-48, 60-10 телефонына хабарласа алады немесе Астана қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) келе алады.
Бұған дейін Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған еді.