Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе өңірлік университеті комплаенс жұмысының оң тәжірибесімен бөлісті

Өңірде 290 квазимемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызметкерлер бар

 Динара Амантай 30.11.2023 | 12:30
Ақтөбе өңірлік университеті комплаенс жұмысының оң тәжірибесімен бөлісті
Фото: Ақтөбе обл. СЖҚА баспасөз қызметі

Университет доценті студенттерді жемқорлыққа мәжбүрлегені үшін сөгіс алды. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірдің комплаенс қызметкерлеріне арналған семинарында айтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қ. Жұбанов атындағы университеттің доценті баллды төмендету қаупімен студенттерді жалпы сомасы 100 мың теңгеге 25 дана кітап және театр билеттерін сатып алуға мәжбүрлеген. Аталған кітаптар университет кітапханасында еркін қолжетімді болған. Бұл бұзушылықты Қ. Жұбанов атындағы университеттің комплаенс-офицері анықтаған.

Ақтөбе облысында 290 квазимемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызметкерлер бар.

Кездесу барысында департамент комплаенс-қызметкерлерге қызметтерін жетілдіру және олардың жұмысын үйлестіру бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, ұсынымдар енгізді.

Іс-шара барысында облыстың жетекші мамандары әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама