Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

 Динара Амантай 30.11.2023 | 11:55
Түркістан облысында 9 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды. Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып және оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама