×

СҚО-да ауыл шаруашылығындағы улы химикаттар айналымынан бұзушылықтар анықталды

Кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр

 Динара Амантай 30.11.2023 | 11:26
Фото: СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауылшаруашылығы саласында улы химикаттардың айналымынан бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында пестицидтердің қозғалысын нақты есепке алудың болмауында, сақтау ережелерін сақтамауда, субъектілердің фитосанитарлық есеп беруін ұсынбауда, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін басқа да жағдайлардан көрсетілген жүйелік бұзушылықтар анықталды.

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарын бұза отырып, агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының бақылауынан тыс 64 кәсіпкер пестицидтерді сату бойынша іс-шаралар өткізген.

Алайда 2022 жылы инспекция қызметкерлерінің есебінен тыс 2,2 миллион литр пайдаланылған улы химикаттар қалған. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің барлық дерлік субъектілері тиісті рұқсаттарсыз Заң талаптарын бұза отырып, улы химикаттарды сақтауды іске асырды. Сондай-ақ Заңның талаптарына қайшы, 400 агроөнеркәсіптік кешен субъектілері улы химикаттардың қозғалысы туралы есептерді тапсырмаған немесе уақытында уәкілетті органға жібермеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр, – делінген хабарламада.

Қадағалау органы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне фитосанитарлық есеп беру және улы химикаттарды сақтау талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 403-бабы бойынша әкімшілік айыппұл (51 мың 750 теңгеде 1 млн 725 мың теңгеге дейін) қарастырылғанын еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама