×

Ерболат Досаев хостелдегі өрттен кімдердің қаза тапқанын айтты

Ол жертөлелерге адамдарды орналастыруға тыйым салынғанын да атап өтті

 Еркеғали Болатұлы 30.11.2023 | 10:57
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өрт шыққан хостелге барды. Ол төтенше жағдайдан қаза тапқан азаматтар туралы ақпаратпен бөлісті.

Қала басшысы қаза тапқандардың 11-і – қазақстандық, біреуі – Өзбекстан, тағы біреуі Ресей (Саха республикасы) азаматы екенін жеткізді. Оның айтуынша, басқа деректер әлі де тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев жертөлелерге адамдарды орналастыруға тыйым салынғанын атап өтті.

Қайта жөндеп, санитарлық нормаларды сақтап орналастыруға болады. Бірақ қанша адамның тұрғаны және олардың қандай мақсатта тұрғанына қатысты сұрақ туады. Жертөледегі бөлмелерді заттарды орналастыру, қойма ретінде қолдануға болады. Бірақ қазір тергеу жұмыстарынан кейін бәрі анықталады, – деді ол.

Хостел 1,5 ай бұрын ашылған. Ал ғимарат Халық банкке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Бірақ қаланың жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмаған. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, студенттердің бұл хостелде тұруына өтініш те түспеген, оларды онда орналастыру жұмысы да жүргізілмеген.

Осы орайда Ерболат Досаев әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдау бойынша барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама