Сотқа дейінгі тергеу iсi басталды
Таразда тұрғындардың 13 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының директоры ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық полиция басқармасына облыс орталығының бiрнеше тұрғыны құрылыс компаниясының бiрiне қатысты арызданған. Тұрғындар компания директоры үйлерiне жөндеу жұмыстарын жасаймын деп жалпы көлемі 13 млн 620 мың теңге қаржысын алдап иемденіп кеткені туралы шағымданған.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлiгi 4-тармағымен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 25 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ер адам кiнәсын толық мойындап, оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ күдіктінiң осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілу үстінде.
Бапқа сәйкес, күдіктіге бірнеше рет жасалған алаяқтық үшiн мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.