Halyq Uni логотип
×

Астанада заңсыз жұмыс істеген филиппиндік қыздар ұсталды

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 29.11.2023 | 16:08
Астанада заңсыз жұмыс істеген филиппиндік қыздар ұсталды
Фото: polisia.kz

Елордалық сақшылар көші-қон заңнамасын бұзған бірқатар азаматтарды ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есіл аудандық көші-қон қызметінің қызметкерлері тазалық (клининг) мекемесінде жұмыс істейтін азаматтардың заңбұзушылықтарға жол бергенін анықтаған. Компанияда жұмыс істеген Филиппин Республикасының 8 азаматының үшеуі көші-қон заңнамасын бұзған. Екі шетелдік әйел Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Аталған азаматтар виза бойынша Алматы қаласында жұмыс істеуі керек болса, олар жұмысын Астана қаласында жалғастырған.

Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша 10 тәулікке дейін қамауға алу немесе Қазақстаннан шығарып жіберу көзделетін әкімшілік іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ бір азамат ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Шетел азаматтары заңсыз жұмыс істеген жұмыс берушінің кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік күштерді тартқаны үшін ӘҚБтК-нің 519-бабы («Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама