Halyq Uni логотип
×

Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады

Жұмыстан босатылатындардың жартысына жуығы – атыраулықтар

 Халық үні 21.12.2021 | 09:37
Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады
Теңіз кеніші, фото: pricom.kz

Алдағы жылы Атырау облысында жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Өйткені, 2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. Кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45%-ы атыраулықтар екен.

Келесі жылдың алғашқы үш айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр.

«Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты.

Жұмыстан қысқарған жағдайда мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді қолға алынғалы жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар, - дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама