Астанада дәстүрлі емес шығыс медицинасына жүгінген тұрғын көз жұмды

Динара Амантай

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болған

Фото: Halyq Uni

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді. Сотталушы тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйқыбастық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас біраз уақыттан кейін есін жимастан қайтыс болды.

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болған. Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.