Мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған комиссия оқиғаға кім кінәлі екенін анықтап жатыр
Шымкенттегі Тұран-2 шағын ауданындағы №40 ғимарат лифтісінде 8 ер адам қамалып қалған. Төтенше оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Лифт кабинасы 9-қабаттан жертөлеге бірден құлдилай жөнелген. Қорыққан азаматтар есікті өз күштерімен ашып, сыртқа шығыпты. Тек біреуі ауруханаға түсті, қалғандары жапа шекпеген.
Қазір лифт жұмыс істемейді. Мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған комиссия оқиғаға кім кінәлі екенін анықтап жатыр.
Белгілі болғандай, лифтке қызмет көрсететін компаниямен тұрғындардың өздері келісімшартқа отырған. Олар бұған дейін де бірнеше рет лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып шағымданған.