Halyq Uni логотип
×

«Пышақ қолданған»: Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жазаланды

Тәртіптік комиссияның шешімімен 2 қызметкер жұмыстан босатылды

 Еркеғали Болатұлы 28.11.2023 | 13:27
«Пышақ қолданған»: Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жазаланды
фото: Halyq Uni

Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Әлеуметтік желіде екі қызметкердің Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде «пышақ пайдаланғаны» туралы ақпарат тарады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды, – делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама