Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында аудан әкімдігі кәсіпкерге тиісті ақшасын төлемеген

Антикордан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныстар берілді

 Динара Амантай 28.11.2023 | 12:07
Алматы облысында аудан әкімдігі кәсіпкерге тиісті ақшасын төлемеген
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарсы шағымданған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Белгілі болғандай, әкімдік мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстарға қаражатты төлеу бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындамаған.

Аталған факті бойынша департамент жұмыс кеңесін өткізіп, оның барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныстар берілді, – делінген Антикор хабарламасында.

Кездесу нәтижесінде 800 мың теңге қарыз өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама