Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар
Бүгінде елімізде қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір Қазақстанда қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек-орын ашылды. Стационарлық емделуге 2 375 бала жатқызылған, төсектер 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында – 79% жоғары екені байқалады, - деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол қызылшадан адам өлімі тіркелмегенін атап өтті.
«Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», - деді Ажар Ғиният