Антикордың араласуынан кейін ақша қайтарылды
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша 8,2 млн теңге негізсіз төленген салық төлемдері мен мемлекеттік баждарды қайтару жолымен мыңнан астам мүгедектің құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Талдау аясында мүгедектер салық аударымдарын төлеу барысында (азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде, жер қатынастары және өзге де мемлекеттік баждар мәселелерінде) жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Мемлекеттік органдармен (ұйымдармен) халыққа қызмет көрсету және құқықтық көмек көрсету кезінде, лауазымды тұлғалармен қолданыстағы салық заңнамасында көзделген азаматтардың көрсетілген санатына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру ұйымдастырылмаған, – делінген хабарламада.
Салдарынан мүгедектігі бар мыңнан аса адам жалпы көлемі 8,2 млн теңге болатын түрлі мемлекеттік баждарды негізсіз төлеген.
Департамент араласқаннан кейін ғана мемлекеттік кірістер органдары азаматтарға қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдады.