Halyq Uni логотип
×

«Отбасын сақтағысы келген». Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адам сотталды

Оқиға Хромтау қаласындағы банк бөлімшесінде болған

 Дәурен Ерболат 27.11.2023 | 10:10
«Отбасын сақтағысы келген». Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адам сотталды
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Diapazon.kz.

Күдікті банк бөлімшесінде консультант болып жұмыс істейтін әйеліне келіп, оны пышақтаған. Салдарынан пышақтың жүзі сынып, жәбірленушінің иығында қалып қойған. Осыған қарамастан ер адам оны денесі мен басынан бірнеше рет ұрған. Мұның бәрін банк қызметкерлері көрген.

Әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Күдікті оқиға орнынан ізін суытқан.

Ер адам Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа тартылды. Жәбірленуші күдіктіден баласы барын, күйеуі ішімдікті көп ішіп, есірткі тұтынатынын, өзін және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Әйел күйеуін кешірмейтінін айтып, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал айыпталушы әйелін өлтіру ойында болмағанын, отбасын сақтап қалғысы келгенін жеткізді. Сотта прокурор тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіруге оқталу» бабын «Пышақ қолданып, бұзақылық жасау» бабына өзгертті. Судья мұнымен келісті. Осылайша, ол бұзақылық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот процесі кезінде әйел мен ер адам заңды некеде болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама