×

Ақтауда көлік қағып, екі аяғы сынған әйел ауруханаға жатпай қойды

Оқиға кеше түс ауа болған

 Еркеғали Болатұлы 26.11.2023 | 17:02
фото: Halyq Uni

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде бір әйелді көлік қағып кеткен. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалыпты.

Оқиға кеше, яғни сенбі күні түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, «Кораблик» бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.

1967 жылы туған жәбірленуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Алайда науқас ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама