Үйінде тағы 6 бала бар
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанада 7 жасар қыздың жүйелі түрде отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап, елордалық ауруханалардың біріне жатқызылғанын айтты.
Балалар омбудсмені Instagram-дағы парақшасында баланың ауыр тағдырын бөлісті. Оның айтуынша, қыз бала үйіне оралмас үшін ауруханадан шыққысы келмейтінін айтқан.
Ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала үйіне қайтпау үшін аураханада қалуды сұрады. Үйінде тағы 6 бала бар, - деп жазды Динара Зәкиева.