Halyq Uni логотип
×

Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды

Ол өз кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 25.11.2023 | 15:05
Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Астанада шетелдік азаматты алдаған такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 қарашада «102» арнасына «Дипломат» қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түскен. Ол такси жүргізушісінің Үндістан азаматынан оны Астана әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін 45 мың теңге алғанын хабарлады.

Іздеу іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, халықаралық әуежайдан қонақүйге дейінгі бағаны әдейі көтерген. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы («Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама