Шымкентте бойжеткен 11-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді
Шымкент тұрғынын суицидтан құтқару сәті полицейлердің бейнежетонына түсіп қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қарашаның кешкі уақытында жедел басқару орталығының «102» арнасына белгісіз қыздың көппәтерлі үйдің 11-қабатындағы ортақ балконнан секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша тез арада патрульдік полиция полкінің автоэкипаждары жолданды.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары балконның қоршауына шығып тұрған қызды көреді. Оның назары бір сәтке ауғанын пайдаланып, инспектор Нұржан Айдаров оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Қызбен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Оның бұл қадамға жеке мәселелеріне байланысты барғаны белгілі болды.
Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.