Талдықорғанда әйел қамауға алынбау үшін сотқа жалған медициналық анықтама берген

Ая Өміртай

Қазір қалалық прокуратуратурамен сот қаулысына наразылық енгізілді

Фото: vestnickprimanich.ru

Талдықорғанда құқықбұзушы қамауға алынбау үшін сотқа жалған медициналық анықтама берген, деп хабарлады Halyq Uni.

Талдықорған қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23 қараша 2023 жылғы қаулысымен автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әйел көлікті басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын көздейді.

Алайда, сот әйелге әкімшілік қамаққа алу жазасын қолдануды болдырмайтын, денсаулық жағдайына байланысты анықтаманы ұсынуының негізінде қамаққа алу жазасын қолданбаған.

Прокурорлық қарсы тексеріс жүргізу кезінде, құқықбұзушы сотқа жалған медициналық құжатты ұсыну арқылы сотты жаңылыстырғаны анықталды. Қазір Талдықорған қаласының прокуратурасымен сот қаулысына наразылық енгізілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ресми құжатты жалған етіп жасау фактісі бойынша, іс-құжаттар процесуалдық шешім қабылдау үшін Талдықорған қаласының Полиция басқармасына жолданды.