Залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асады
Ұлытау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан алаяқтар тобының жұмысын тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Осы факті бойынша Сәтбаев қаласының ПБ-ында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қызметі нәтижесінде Сәтбаев қаласының 55, 36, 42 жастағы үш тұрғыны ұсталды.
Алдын ала ойластырылған қылмыстық жоспарға сәйкес, күдіктілер – 30 миллион теңгеге дейін несие алуға уәде берген екі апалы-сіңлілі және олардың құрбысы азаматтардың сеніміне кіру арқылы ақшасын иемденген, – делінген хабарламада.
Қазір жоғарыда аталған адамдарға қатысты 27 қылмыстық іс тіркелген. Залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асады.
Қазір үш күдікті де Жезқазған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.