Halyq Uni логотип
×

Шымкентте жалақының уақытылы төленбеуіне қатысты шағым көбейді

60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн теңге жалақы қарыздары төленген

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2023 | 15:22
Шымкентте жалақының уақытылы төленбеуіне қатысты шағым көбейді
Фото: gov.kz

Шымкент қаласында өндіріс орындары мен ұйымдардағы заңбұзушылықтың басым бөлігі жалақының уақытылы төленбеуіне қатысты болып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтты.

Бұған мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жұмыстан заңсыз шығарылу, тәртіптік шаралармен келіспеу, үстеме жұмысқа белгіленген 120 сағаттан асыра тартылуына байланысты түскен арыз-шағымдардың көптігі дәлел бола алады, – деді ол.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуы бойынша азаматтар мен кәсіпорындардың 1360 арыз-шағымдарын қарастырып, 277 рет тексеру жүргізген. Нәтижесінде 538 заңбұзушылық дерегі анықталған. Дәл осы фактілер бойынша 14,2 млн теңге айыппұл салынған.

Негізгі заңбұзушылықтар – жалақының уақытылы төленбеуі. Заң бойынша жалақы өткен кезеңнен кейін ай аяқталғанда келесі айдың 10-на төленуі тиіс. Бірақ кәсіпорындар міндеттерін орындамайды. 20-на, ең болмаса 15-інде немесе төлемей жүреді. Сол кезде қызметкерлер бізге арызданады. Бұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің ішінде арнайы осы үшін әкімшілік шара қарастырылған айыппұлға әкеп соғады. 14 млн теңге 538 құқықбұзушылықтың 349-ы жалақыны мерзімінде және толыққанды төлемеуге қатысты, – деді ол.

Қаланың бас еңбек иснпекторы қазір 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн теңге жалақы қарыздары төленгенін, кәсіпорындарда еңбекақы қарыздары жоқ екенін айтты.

Жұмыс берушілердің заңсыз шешімдері: жұмыстан заңсыз шығару, тәртіптік шаралар көру, тиісті демалыс бермеуі және үстеме жұмысқа тарту. Үстеме жұмыс жылына 120 сағаттан аспауы керек. Яғни, аптасына 2 сағаттан аспауы тиіс. Және үстеме жұмыс үшін 1,5 еселенген айлық төленеді. Мереке күндері кірмейді, – деді инспекция басшысының басшысы.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, қаладағы кәсіпорындарда 17 жазатайым оқиға тіркелген, салдарынан 20 адам зардап шеккен. Өндірістерде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жобаларға қала кәсіпорындары да белсенді қатысуда. Атап айтқанда «Халықтық бақылау» жобасы – 18 кәсіпорында, «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізіліпті. Нөлдік жарақат тұжырымдамасына 72 кәсіпорын қосылса, 5 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама