Сәби қазір ауруханада, жағдайы ауыр
Шымкентте 2 жасар бүлдіршінді туысы 4 қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға 23 қарашада болған. Баланың терезеден құлағаны туралы хабарлама «103» жедел жәрдем қызметіне сағат 21:00-де түскен.
Оқиға Әл-Фараби ауданындағы Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Полиция департаментінің қызметкерлері баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысының лақтырғанын анықтады, - делінген хабарламада.
Сәби қазір ауруханада, жағдайы ауыр.