Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы
Алматы облысында 11 жастағы оқушы суицид жасады. Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады.
Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.
Бұл оқиға сенбі күні кешкі уақытта баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы. Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені туралы ақпарат жоқ. Арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге мұндай қайғылы жағдай болғаны түсініксіз», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отабасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты.