×

Алматыда биыл кесілген 16 мың апатты ағаштың орнына 170 мың көшет отырғызылады

Бірінші кезекте апатты және ескі ағаштар кесіледі

 Динара Амантай 23.11.2023 | 17:55
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда өткен жылмен салыстырғанда биыл ағаштардың құлау фактілері 4 есе төмендеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жасыл желектерді инвентаризациялау нәтижелері бойынша Алматыда 84 мыңнан астам апатты ағаш бар. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі осындай ағаштарды кесу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Алматының экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері бір ағаш кесілген жерге ондаған жас көшет отырғызады.

Бірінші кезекте апатты және ескі ағаштар кесіледі. Соның арқасында ағаштар мен бұтақтардың құлауы едәуір төмендеді. Мәселен, былтыр 200-ден астам құлау фактісі тіркелген болса, 2023 жылдың басынан бері 54, оның ішінде 34 ағаш, сосын бұтақтар құлаған.

Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы жұмыс жоспары бойынша магистральды жолдар бойында, саябақ аймақтарында және аула ішіндегі аумақтарда 5 мың апатты ағаш кесіліп, оның орнына 50 мың жас көшет отырғызылды.

Биыл экология және қоршаған орта басқармасы жоспарланған 16 мың ағаштың орнына 13 мыңнан астам ағашты кесіп тастады. Кесілген ағаштардың орнына 170 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.

Атап өтерлігі, апатты ағаштарды кесу жұмыстарын бастамас бұрын Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерін және экобелсенділерді тарта отырып, апатты ағаштар мұқият тексеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама