Ұлытау облысында жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі қамауға алынды

Динара Амантай

Автокөлік айып тұрағына қойылды

Фото: Halyq Uni

Үлытау облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жалған нөмірлі көлікті ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметнше, 21 қарашада Сәтбаев қаласы ПБ патрульдік полиция взводы «Қорғау» бағдарламасының көмегімен жалған мемлекеттің нөмір таққан ВАЗ-21115 маркалы автокөлігін анықтаған. Көлікті 27 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген.

Құжаттарды тексеру кезінде бұл көлікке жалған мемлекеттік нөмірлік белгісі тағылғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері жүргізушіні Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексте көзделген 590-баптың 4-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Сәтбаев қаласының мамандандырылған сотының қаулысымен жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісі 3 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.