Алматыда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары интимдік қызмет көрсеткен (ВИДЕО)

Динара Амантай

Қонақ үй кешенінің иесі жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 4 шетелдік әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақ үйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды. Олардың төртеуі – Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.

Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді. Содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған 6 әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақ үй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Еске сала кетсек, 14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр.