Halyq Uni логотип
×

«Өскеменнен екі бөлмелі пәтер алып береміз»: Аягөзде қайғылы оқиғаға ұшыраған отбасына қандай көмек беріледі?

Сондай-ақ Семей орманындағы өрт зардаптарын жою шаралары да түсіндірілді

 Ербол Тұрымбет 23.11.2023 | 15:52
«Өскеменнен екі бөлмелі пәтер алып береміз»: Аягөзде қайғылы оқиғаға ұшыраған отбасына қандай көмек беріледі?
фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев елордада өткізген брифингінде Аягөзде болған қайғылы жағдайға байланысты отбасына қандай көмек көрсетілгенін айтып берді. 

Облыс басшысының айтуынша, осы жағдай болғанда ең алдымен аудан әкімі мен бірінші орынбасары сол отбасында болып, әкімдік тарапынан толығымен көмек көрсетілген. 

Одан басқа, қазір оларға уақытша 2 бөлмелі пәтер бердік. Жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталған. Енді осы желтоқсанда сол отбасы сұрап отырған Өскеменде екі бөлмелі пәтер аламыз. Себебі, олар сол жақта тіркеуде тұр, - дейді әкім. 

Айта кетейік, 25 қазанда Аягөзде жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 4 бала көз жұмған еді. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сағат 10:49-да төтенше жағдайлар қызметіне жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар түскен. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге барған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталған. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11:24-ге толық сөндірілген. 

Сонымен бірге, облыс аумағында болған алапат орман өртінің зардаптарын жою бойынша да түсініктеме берді. 

Ең қиыны, жақында сұхбатымда айттым, қайтыс болған азаматтарымыздың шығыны. 14 азаматымыз қаза тапты. Осы орман Экология министрлігіне қарайды. Бірақ та біз жауапкершіліктен қашпаймыз. Әрине, біздің жеріміз, біздің адамдар. Бюджеттің деңгейі де бөлек, - дейді Нұрлан Ұранхаев. 

Оның айтуынша, Семей орманы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бірақ та облыс әкімдігі өз тарапынан көмегін беріп келеді. 

Естіген де боларсыздар, өрт болғанда бүкіл Қазақстан, қазақ елі көмек жасап, қорға қаражат аударған. Сол қордың есебінен көмектескенбіз. Техника алдық. Одан кейін қаза тапқан отбастарына да көмектестік, - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама