×

Тоқаев Брекешевке экологиялық проблемаларды шешуді тапсырды

Әсіресе, су шаруашылығы саласында міндеттер жүктеді

 Қымбат Елтайқызы 20.05.2022 | 12:59
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, министр еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа экологиялық кодекс нормаларына сәйкес, 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді», – делінген мәліметте.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік жол карталарының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Сонымен қатар Тоқаевқа геологиялық саланың жағдайы, ұлттық геологиялық қызмет құру жұмыстары жайлы баяндалды. Бұдан бөлек мемлекет басшысына су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа су кодексі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жайында ақпарат берілді.

«Кездесу соңында президент министрлікке экологиялық мәселелерді шешу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту, геологиялық саланы дамыту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді», – делінген деректе.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама