Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
ШҚО-да бозбала өзінен кіші баладан қомақты сомада ақша бопсалаған. Бұл фактіні Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы анықтады.
15 жастағы ұл биыл маусым айынан бастап басқа оқу орнының 3-курс студенті өзінен ақша бопсалап келгенін айтқан.
Бес ай ішінде жәбірленуші күдіктіге 175 мың теңге берген. Қазір полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.