Halyq Uni логотип
×

Петропавлда 17 жастағы тұрғын көшеде ересек адамды пышақтап кеткен

Бозбала бұрын да бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған

 Еркеғали Болатұлы 23.11.2023 | 12:00
Петропавлда 17 жастағы тұрғын көшеде ересек адамды пышақтап кеткен
фото: Halyq Uni

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім тұрғын үйлердің біріндегі аулада 51 жастағы ер адамды пышақтап кетті деген күдікке ілінді.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Петропавловск.news СҚО ПД деректеріне сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, бұл оқиға 21 қарашада сағат 20:32-де Сейфуллин көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған. Полицейлер соған қатысы бар 20 және 17 жастағы үш күдіктіні ұстады.

Алдын ала болжам бойынша жәбірленушіні пышақтап кеткен 17 жастағы жасөспірім анықталды. Ол бұрын түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – делінген хабарламада.

Қазір ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама