×

Зейнеткер әйелді тепкілеп, көлікті қиратты деп айыпталған сот төрағасы тергеліп жатыр

Оны полицейлер 15 қарашада таңғы 05:30-да ұстаған

 Еркеғали Болатұлы 23.11.2023 | 09:55
фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы бұзақылық жасады деген күдікке ілінді.

Ақпаратты облыс прокуратурасы растады. Тергеу мәліметтері бойынша Ернар Ерболатов әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан.

Оны полицейлер 15 қарашада таңғы 05:30-да ұстаған. Прокуратура судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабымен Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берілді. Қазір ШҚО ПД тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО прокуроры Аймат Байшолақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама