Ол бірнеше адаммен топтасып, пәтер иесіне 12 миллион теңге залал келтірген
СІМ-нің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Латвиядан алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азаматты экстрадициялады.
Күдікті 2016 жылы бірнеше адаммен топтасып, өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Осылайша, пәтер иесіне 12 миллион теңге залал келтірген.
Осы әрекетінен кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Сөйтіп ол Латвия аумағынан ұсталып отыр.
Қазір қаскөй Астананың тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.