Halyq Uni логотип
×

Біреудің пәтерін сатып жіберген алаяқ Астанаға Латвиядан экстрадицияланды

Ол бірнеше адаммен топтасып, пәтер иесіне 12 миллион теңге залал келтірген

 Еркеғали Болатұлы 23.11.2023 | 09:40
Біреудің пәтерін сатып жіберген алаяқ Астанаға Латвиядан экстрадицияланды
фото: Halyq Uni

СІМ-нің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Латвиядан алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азаматты экстрадициялады.

Күдікті 2016 жылы бірнеше адаммен топтасып, өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Осылайша, пәтер иесіне 12 миллион теңге залал келтірген.

Осы әрекетінен кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Сөйтіп ол Латвия аумағынан ұсталып отыр.

Қазір қаскөй Астананың тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама