Halyq Uni логотип
×

Көпбалалы отбасылар 339,4 млрд теңге жәрдемақы алды - министрлік

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 16:44
Көпбалалы отбасылар 339,4 млрд теңге жәрдемақы алды - министрлік
Фото: gov.kz/ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері 539,1 мың көпбалалы отбасы 339,4 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алды. Оның ішінде қазан айында 534,9 мың отбасына 35,4 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп, төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама