Halyq Uni логотип
×

Құрылыс министрі баспаналы болғысы келетін жастарға кеңес берді

Дәулет Мұқаев бүгінде жастар баспана ала алмай жүргенін айтты

 Дәурен Ерболат 22.11.2023 | 14:40
Құрылыс министрі баспаналы болғысы келетін жастарға кеңес берді
көрнекі фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пәтер алғысы келетін жастарға кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бүгінде баспана ала алмай жүрген жастардың мәселесін көтеріп, министрге сұрақ қойды.

«Баспана алуға балама болуы керек. Қазір қазақстандықтар «Отбасы банкке» барады. Бірақ ол арқылы баспана алу үшін үйдің 50 пайыз соммасын жинау керек. Қазір басқа балама бағдарлама жоқ.

«7-20-25» бағдарламасының лимитін көріп отырсыздар. 100 млрд теңге банктерде 30 секундта бітіп қалып жатыр.

Енді айтыңызшы, 200 мың теңге айлықпен жастарымыз үйге керек ақшаның 50 пайызын жинай ала ма? Олар азық-түлікке табысының 50-55 пайызын жұмсайды. Сонда жастар үй алуға ақшаны қалай жинайды? Әсіресе, Астана, Алматы мен Шымкентте (баспана) алу мүмкін емес», - деді депутат.

Қанат Шарлапаев еңбекке қабілетті жастар өз өміріне өзі жауап беретінін айтты.

Егер деніңіз сау азамат болсаңыз, жұмыс істей алсаңыз, онда сіз пәтерге өзіңіз ақша жинауыңыз керек. Мен әркімнің жағдайы әртүрлі екенін түсінемін. Бірақ мемлекет тұрғысынан біз мүгедек балаларға басымдық береміз. Мысалы, жұмыс істеуге және ақша табуға қабілеті бар адам мен мүгедек балаларды алсақ, онда менің таңдауым мүгедектігі бар балаларға түседі.

Бұл тұрғыдан оларға қолдау көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Ал сіз айтып отырған мәселе бойынша қазір бағдарламалар жеткілікті, - деді министр.

Ведомство басшысы жастарға ақшаны оңды-солды жұмсамай, бастапқы жарнаға жинауға кеңес берді.

Жауап біреу – қаржылық сауат және ақша жинау. Осылайша, қолданыстағы бағдарламалар арқылы ипотека алуға тырысу, - деді Қанат Шарлапаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама