Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардың қарызын өндіріп келген

Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді

 Динара Амантай 22.11.2023 | 10:36
Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардың қарызын өндіріп келген
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысының прокуратурасы қайтыс болған борышкерлер мен өндіріп алушыларға қатысты атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушылардың шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, егер құқықтық қарым-қатынастар мұрагерлікке жол берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша). Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Егер өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыса алмаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Талдау барысында прокуратура мына мәселелерді анықтады:

  • қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылған жоқ;
  • қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты өндіріп алушыны ауыстыру туралы мәселе шешілмеген (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленгеннен кейін);
  • қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылған жоқ;
  • мемлекет кірісіне 4,6 млн теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылған жоқ.

Заңды сақтамау салдарынан қайтыс болған 390-нан астам азамат борышкер болып қала берген.

Осы факт бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама