Halyq Uni логотип
×

Алматыда «Қарызды төле! Өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр

Шара 29 желтоқсанда аяқталады

 Халық үні 22.11.2023 | 09:29
Алматыда «Қарызды төле! Өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр
Фото: Halyq Uni

Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызды айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін «Қарызды төле! Өсімпұлды алып тастаймыз!» атты науқан жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni.

Науқан басталған бір ай ішінде берешектерінің жалпы көлемі 19 млн 143 мың 333,28 теңгеге 171 борышкер өсімпұлды алып тастау мүмкіндігін пайдаланды. Акция аясында 9 млн 154 мың 707,59 теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Айта кетсек, науқан осы жылдың 29 желтоқсанында аяқталады.

Шара өсімпұлды үнемдеумен бірге, мүлікке, сонымен қатар борышкердің банктегі есепшотына салынған шектеулер мен тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді.

Науқанға қатысу үшін биыл 29 желтоқсанға дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, төлем туралы кассалық чекті info@alts.kz электрондық поштасына ұсыну қажет немесе сол аумақта орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіну керек.

ТҚКО мекенжайлары және байланыс деректері:

  • «Батыс» ТҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ықшам ауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: batys@alts.kz;
  • «Орталық» ТҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) – Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: ortalyc@alts.kz;
  • «Шығыс» ТҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) – Наманған көшесі, 39-А, телефондары: 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: shygis@alts.kz.

Қарыз төленбеген жағдайда борышкерге жылу беру тоқтатылып, берешек сот арқылы өндіріліп алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама