Атырау облысында жемір құрты 800 га жердің тоз-тозын шығарды
Дезинфекциялау жұмысы шаруалардың есебінін жүргізілмек
Қызылқоға аудынында жусан жапырағының жемір құртынан зақымданған жайылымға зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде, 800 га жердің зақымдалғаны анықталды.
Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мекемелерден баға ұсынымдары алынды. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерге жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының есебі жасалып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына берілді.
«Қазір Атырау облысында жусан жемірі Қызылқоға ауданының Мұқыр және Сағыз ауылынан, дәлірек Ақтөбемен шекаралас ауылдардың 800 га жерінен анықталып отыр. Ол барлық жерде емес, әр жерінде тығыздығы 8, кейбір жерлерде 20 құртқа дейін шашылып орналасқан. Бұл жемір бұған дейін де болды, бірақ биыл ылғал әсерінен көбейіп кеткен. Ол қуыршаққа айналады. Қуыршақ қоңызға айналғанда, оның өсімдікке еш зияны жоқ», деді Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Әбила Қазиева.
Сондай-ақ, ол дезинфекциялау жұмысы шаруалардың өз қаражаты есебінен жасалатынын мәлім етті.
«Сондықтан, біз шаруагерлер мен әкімдерге шаруашылықтардың тиесілі аумақтарын анықтап дабыл бетшесін дайындап бердік. Бұл мемлекет есебінен уланатын зиянкеске жатпайды. Оларға тек шегіртке жатады. Алға қарай бұл жәндіктерді аса қауіпті зиянкеске жатқызу үшін біз экономикалық жағын есептеп, оны аса қауіпті деп тануды сұрап жатырмыз. Өйткені, 800 га жерге залал келтіру – жайылым жерге үлкен шығын. Оның нәтижесі келесі жылы белгілі болмақ», - деді Әбила Қазиева.