×

Ақмола облысында 27 жастағы жігіт танысын атып өлтіріп, көлігін мініп кеткен

Қазір күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 21.11.2023 | 16:55
фото: Halyq Uni

Ақмола облысында Toyota Land Cruiser Prado мінген қарулы ер адам іздестіріліп жатыр. Ол Макинск қаласының 23 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады 716.kz.

21 қарашаға қараған түні Макинск тұрғындары аудандық аурухана маңында атыс дыбысын естіген. Оқиға орнынан оқ жарақатын алған 23 жастағы ер адам өлі табылды.

Ақмола облысының полиция департаменті 21 қарашада сағат 01:30 шамасында 27 жастағы қала тұрғыны танысын атыс қаруымен өлтіргенін хабарлады. Артынша күдікті марқұмға тиесілі Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазір күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің жеке құрамы мен бөлінген күштері бағытталды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама