Halyq Uni логотип
×

Тұшпара цехы, наубайхана, жатақхана: балабақшада заңнама талаптары сақталмаған

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығына ескерту беру ұсынылды

 Динара Амантай 21.11.2023 | 13:50
Тұшпара цехы, наубайхана, жатақхана: балабақшада заңнама талаптары сақталмаған
Фото: Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақмола облысының прокурорлары балабақшада тұшпара цехының, шағын наубайхананың, сондай-ақ жатақхананың орналасуы мен жұмыс істеуін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура «Райхан-Ана» балабақшасында санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкестігін талдау барысында «Мясницкий» тұшпара цехының, шағын наубайхананың, сондай-ақ жатақхананың орналасқанын анықтады.

Тұшпара цехы мен наубайхана қызметкерлерінде санитарлық кітаптар мен басқа да рұқсат құжаттардың болмауынан балабақшаға баратын балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Сонымен қатар, жұмысшылардың, оның ішінде шетелдіктердің тұрған үй-жайлары, балалар топтарына тікелей қолжетімді болған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Талдау нәтижелері бойынша басқармадан берілген заңсыз қорытынды алынып тасталды.

20 қарашада Әдеп жөніндегі кеңесте Степногорск қаласы прокуратурасының актісіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Г.Н. Абрамовичке қызметіне салғырт қарағаны үшін ескерту беру ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама