Қызылордада полиция офицері жүкті әйелін мүгедек етіп тастаған
«Қылмыстық құқықбұзушылық дәлелдемелерінің болмауына» байланысты қылмыстық іс тоқтатылған
Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері жүкті әйелін соққыға жыққаннан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен құлап, мүгедек болып қалған. Бұл туралы Egovpress Telegram-арнасы хабарлады.
Аруна Аманова Ж. есімді ер адаммен 2019 жылы шаңырақ көтерген. Әйелдің айтуынша, бір айдан соң күйеуі оған қол көтере бастаған. Бірақ жағдай қайталанған сайын ол жылап, келіншегінен кешірім сұрауды әдетке айналдырған. Әйел отбасын сақтап қалу үшін кешірген.
2021 жылы оның соққысынан мен ауруханаға түстім. Сосын арыз жаздым. Бірақ ол кешірім сұрап, артымнан жүгірді. Ал мен баламыз үшін кешірдім, - дейді келіншек.
2022 жылдың 4 қарашасында Аруна жұмыстан үйіне оралып, төсекте жатқан. Бір күн бұрын ол күйеуімен жанжалдасып қалған. Себебі ол жұбайының көзіне шөп салғанына сезіктеніп жүрген.
Таңғы сағат 3-те күйеуімді екі досы екі жағынан ұстап, үйге әкелді. 4 қарашада ол майор шенін алып, осы оқиғаны тойлады. Мас болғандықтан, есін білмеген. Олар оны диванға жатқызды. Мен мүмкіндікті пайдаланып, оның расымен көзіме шөп салғанын көрсету үшін телефонын ақтардым. Хат-хабарларды тауып алдым да оятып, телефонды көрсеттім. Ол мені балағаттап, көздері ашу-ызаға толды. Мен қатты қорықтым. Ол мені қайта-қайта ұрды, – деді жәбірленуші.
Күйеуі жатын бөлмеге киім ауыстыруға кеткенде Аруна ас үйге тығылған.
Мен қараңғыда тығылып отыр едім, ол тауып алып, қонақ бөлмеге шашымнан сүйреп кіргізді. Басымнан ұрып, тұншықтырды, есімді жоғалттым. Есімді жиғанымда, көшеде жерде жаттым. Ол досымен үстімнен қарап, «Неге секірдің?» деді. Мен кім қайдан секіргенін түсінбей қалдым. Одан көмек сұрап, қиналып жаттым, – деді әйел.
Жәбірленушінің айтуынша, қалай құлағаны есінде жоқ. Ол кейін жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне өзін құтқару үшін секіріп кеткенін айтқан. Алайда есіне ештеңе түсер емес.
Мүмкін олар мені қорқытып, мәжбүрлеген шығар. Құлағанға дейін және құлағаннан соң не болғанның бәрі есімде. Бір жыл өтті, бірақ қалай секіргенім әлі есімде жоқ, – дейді ол.
Оқиға кезінде Аруна жүктілікің тоғызыншы аптасында болған. Терезеден құлағаннан кейін ол асфальтқа арқасымен түсіп, омыртқасын сынған. Қазір мүгедектер арбасына таңылып отыр. Дәрігерлер келіншектің кейін жүріп кететініне күмәнмен қарайды. Сондай-ақ Арунаның жата бергеннен денесі қажалып, жаралар пайда болған.
Ауруханада жатқанымда анам қасымда болып, маған қарады. Осыны пайдаланып, іздер мен айғақтардан құтылу үшін пәтерді толығымен тазалаған. Ол мені ұрып-соққанда, мен қызыл халатпен едім. Бірақ ол халатты жыртып тастады, мен онсыз құладым. Сосын халат жоғалып кетті, ол оны лақтырып тастаған, – дейді Аруна.
Сорақысы, үйдің ішінде тергеу жүргізілмеген. Іс бір айда қысқарған. Жәбірленушінің айтуынша, үйдегі бейнебақылау камераларының жазбалары жоғалып кеткен.
Қызылорда облысының полиция департаменті бұл факті бойынша 2022 жылдың 4 қарашасында Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қызылорда облысының ПД ішкі қауіпсіздік басқармасы жәбірленуші тараптың уәждерін мұқият тексеріп, барлық тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындап, тергеу әрекеттерін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚР ҚК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық дәлелдемелерінің болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулының заңдылығы мен негізділігі Қызылорда облысының прокуратурасымен зерделеніп, бекітілді.
Сонымен қатар, сол кезде 2022 жылдың 18 қарашасында болған оқиғаға байланысты полиция қызметкері ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды», – деп түсіндірді полиция департаменті.